«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 75 (жетпіс бес) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 92 (тоқсан екі) дарақ жек дуадаққа;
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 44 (қырық төрт) дарақ жек дуадаққа;
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб
Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар
Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 43 (қырық үш) дарақ жек дуадаққа;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар)
Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 28 (жиырма сегіз) дарақ жек дуадаққа және
Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 77 (жетпіс жеті) дарақ жек дуадаққа өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин