«Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10397 тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» 

бұйрықтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.»

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
приложение каз
Дата публикации
06 марта 2020