Полигонды пайдалану кезінде газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Полигонды пайдалану кезінде газ мониторингін жүргізу

әдістемесін бекіту туралы

 

           Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 355-бабының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Полигонды пайдалану кезінде газ мониторингін жүргізу әдістемесі бекітілсін.
  2. Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
 № 63298 болып тіркелген);

2) «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясына арналған газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 26 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13329 болып тіркелген).

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
  • осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

 

С. Брекешев

Бұйрық жобасы
Дата публикации
24 сентября 2021