Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңестің сырттай дауыс беру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. №14-01/100 2021 жылғы «20» тамыз
Күн тәртібі
Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы
1. Келесі 5 НҚА жобасы қарастырылды:
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай
нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
2) «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында
тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру мемлекеттік қызмет
көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
3) «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және
тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі мен Ұлттық экономика
министрінің бірлескен бұйрық жобасы;
4) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар»
республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік
мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы жобасы;
5) «Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің
экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық
жобасы.
2. Ұсыныстар мен ескертулердің жоқтығы туралы сараптамалық
қорытынды/келісім парақ – ҚК 26 мүшесі «қолдады».
3. 1-тармақта көрсетілген НҚА бойынша ҚК мүшелерінің қоғамдық
тыңдауға шығару бойынша ұсыныстары – жоқ.