Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату арқылы конкурс өткізу туралы хабарлама
«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Қостанай облысында орналасқан сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату арқылы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25 мекенжайы бойынша қабылданады.
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25, 2020 жылғы 06 сәуірде сағат 13:00-де өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жария етілген күнінен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2020 жылғы 06 сәуірде сағат 13:00-де.
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Қағидалармен айқындалады.
Лот – Құрамында сынап бар қалдықтар. Орналасқан жері: Қостанай облысы, «Шаруа» ЖШС-ның полигоны. Мөлшері: 0,019295 тонна.
Құжаттар пакетін алу үшін info@zhasyldamu.kz электрондық мекенжайға жүгіну қажет.
Байланысушы адам, конкурстық комиссияның хатшысы – С.Е. Құсайынова. Тел.:8 7172 768255, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25.