«Қалдықтарды түгендеу бойынша есеп нысанын және оны толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»

«Қалдықтарды түгендеу бойынша есеп нысанын және оны толтыру бойынша  нұсқаулықты бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 384-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 106516 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

ИПГО каз 352 +_3
Дата публикации
25 августа 2021