«Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«9. Егер жануарлар дүниесін пайдалану шарты осы Ережеде бекітілген мерзімде тіркеуден өтпеген жағдайда, жануарлар дүниесін пайдаланушы уәкілетті органға жазбаша түрде шағымдана алады.
Қабылданған шағым есеп және шағымдар Журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің» 76-бабында бекітілген мерзімге сәйкес қаралады.
Шағымды қарастыру туралы қорытынды арызданушыға жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы жоғарғы органға немесе сотқа көрсетілген шешімге шағымдануға болады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |