Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын талаптар бекіту туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 72 бұйрығының (№ 22391 болып тіркелген нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
|
|
А. Примкулов
|