Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы

Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы

 

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 70 жобасының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

 

М. Мирзагалиев



Бұйрық
Дата публикации
09 августа 2021