Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңестің сырттай дауыс беру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. №14-01/91 2021 жылғы «16» шілде
Күн тәртібі
Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы
1. Келесі 2 НҚА жобасы қарастырылды:
1) «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
2) «Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу
әдістемесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы.
2. Ұсыныстар мен ескертулердің жоқтығы туралы сараптамалық
қорытынды/келісім парақ – ҚК 28 мүшесі «қолдады».
3. 1-тармақта көрсетілген НҚА бойынша ҚК мүшелерінің қоғамдық
тыңдауға шығару бойынша ұсыныстары – жоқ.