Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңестің сырттай дауыс беру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. №14-01/88 2021 жылғы «2» шілде
Күн тәртібі
Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы
1. Келесі 4 НҚА жобасы қарастырылды:
1) «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
бұйрық жобасы;
3) 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық
жобасының жобасы;
4) «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген
электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және
аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің бұйрық жобасы.
2. Ұсыныстар мен ескертулердің жоқтығы туралы сараптамалық
қорытынды/келісім парақ – ҚК 29 мүшесі «қолдады».
3. 1-тармақта көрсетілген НҚА бойынша ҚК мүшелерінің қоғамдық
тыңдауға шығару бойынша ұсыныстары – жоқ.