Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңестің сырттай дауыс беру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. №14-01/86 2021 жылғы «18» маусым
Күн тәртібі
Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы
1. Келесі 4 НҚА жобасы қарастырылды:
1) «Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттікжекешелік әріптестік жобаларын іске асыру қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
2) «Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар
түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
3) «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және
рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы;
4) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге
ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
жобасы.
2. Ұсыныстар мен ескертулердің жоқтығы туралы сараптамалық
қорытынды/келісім парақ – ҚК 29 мүшесі «қолдады».
3. 1-тармақта көрсетілген НҚА бойынша ҚК мүшелерінің қоғамдық
тыңдауға шығару бойынша ұсыныстары – жоқ.