Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған Маңғыстау облысында орналасқан қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

    1. Конкурс ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау мекенжайы:

    «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына  (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысында орналасқан сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен  сату бойынша конкурс (бұдан әрі  - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.

    Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55 мекенжайы бойынша қабылданады.

    1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:

    Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55 2021 жылғы 12 тамызында сағат 15:00-де өтеді.

    1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жария етілген күнінен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 12 тамыз сағат 13:00-де.

    1. Конкурстың негізгі шарттары:

    Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Қағидалармен айқындалады.

    1. Конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы:

    Лот № 1  - химиялық қалдықтар, материалдар, реактивтер, шикізаттар 1 қосымшаға сәйкес. Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Индустриальный парк Маңғыстау» ЖШС (бұрынғы Ақтау пластмасса зауытының аумағы), № 5 өндірістік аймақ.

    Лот № 2  - химиялық қалдықтар, материалдар, реактивтер, шикізаттар 2 қосымшаға сәйкес. Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Индустриальный парк Маңғыстау» ЖШС (бұрынғы Ақтау пластмасса зауытының аумағы), № 5 өндірістік аймақ.

    Лот № 3  - химиялық қалдықтар, материалдар, реактивтер, шикізаттар 3 қосымшаға сәйкес. Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Индустриальный парк Маңғыстау» ЖШС (бұрынғы Ақтау пластмасса зауытының аумағы), № 5 өндірістік аймақ.

    1. Құжаттар пакетін алудың электрондық сілтемесі:

    Құжаттар пакетін алу үшін info@zhasyldamu.kz электрондық мекенжайға жүгіну қажет.

    Байланысушы адам, конкурстық комиссияның хатшысы – С.Е. Құсайнова. Тел.:+77085814033,  Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55.

Объявление АЗПМ
Дата публикации
12 июля 2021