19-тармақ бойынша
2020 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде табиғи мекен ету ортасына 69,5 млн. дана құнды балық шабақтары жіберілді, оның ішінде:
"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК - 3,5 млн.дана бекіре шабақтары;
"Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК - 3,5 млн.дана бекіре шабақтары;
"Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК - 15,22 млн.дана тұқы және өсімдікжемді балықтардың біржазғы және екіжылдық шабақтары
"Петропавл балық питомнигі" РМҚК - 44,5 млн.дана ақсаха дернәсілі және 1,201 млн.дана біржазғы тұқы шабағы;
"Сандель" ШҚ (бәсекелестік орта) - 1,66 млн. дана біржазғы тұқы шабағы.
Мемлекеттік тапсырыс толығымен орындалды.
20-тармақ бойынша
Бүгінгі күні тауарлы балық өсірумен 184 балық өсіру шаруашылығы айналысады, оның ішінде;
- 99 көлде-тауарлы балық өсіру шаруашылығы;
- 55 тоған шаруашылығы;
- 10 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы;
- 20 УЗВ және бассейн шаруашылықтары.
2020 жылы 9,0 мың тонна тауарлы балық өсірілді.
Бекіретұқымдас, албырттұқымдас (албырт, бахтақ), тұқытұқымдас, ақсахатұқымдас және өсімдікжемді балық түрлері балық өсіру объектілері болып табылады.