2021 жылдың 3 айы ішінде Министрлік, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері 56 лауазымға арналған 37 конкурс (18 ішкі, 19 жалпы) өткізді, оған 111 адам қатысты (15 ішкі, 96 жалпы конкурс бойынша).
Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша 27 адам қабылданды және тағайындалды (7 ішкі конкурс бойынша, 20 жалпы конкурс бойынша).
Сонымен бірге, Министрліктің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері бойынша сандар мынадай:
1) Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде 11 лауазымға арналған 5 конкурс (2 ішкі, 3 жалпы) өткізілді, оларға 38 адам қатысты (3 ішкі, 35 жалпы конкурстар бойынша), өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша жалпы конкурспен 7 адам қабылданды және тағайындалды;
2) Геология комитетінде 5 лауазымға арналған 7 конкурс (3 ішкі, 4 жалпы) өткізілді, оларға 14 адам қатысты (3 ішкі, 11 жалпы конкурстар бойынша), өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша жалпы конкурспен 3 адам қабылданды және тағайындалды;
3) Балық шаруашылығы комитетінде 3 лауазымға арналған 6 конкурс (3 ішкі, 3 жалпы) өткізілді, оларға 12 адам қатысты (1 ішкі, 11 жалпы конкурстар бойынша), өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша жалпы конкурспен 2 адам қабылданды және тағайындалды;
4) Су ресурстары комитетінде 1 лауазымға арналған 1 жалпы конкурс өткізілді, оған 3 адам қатысты, конкурстың қорытындысы бойынша 1 адам тағайындалды;
5) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде 7 лауазымға арналған 7 конкурс (3 ішкі, 4 жалпы) өткізілді, оларға 3 адам қатысты (1 ішкі, 2 жалпы конкурстар бойынша), өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша 3 адам қабылданды және тағайындалды (1 ішкі, 2 жалпы конкурстар бойынша).
Сондай-ақ, Министрлік, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін тұрақты негізде конкурстар өткізіп тұрады.