Орман қорын мемлекеттік есепке алу орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсіруді, орман пайдалануды ұйымдастыру, орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне жүйелі бақылау жүргізу және мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/63 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
01.01.2021 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30047,7 мың га құрайды және республика аумағының 11,0% - ын алады. Орманмен қамтылған жерлер 13316,9 мың га немесе орман қорының жалпы ауданының 44,3% - ын алып жатыр. Жеке орман қорының ауданы 1013 га құрайды, орманмен қамтылған жерлер жоқ. Республиканың ормандылығы 4,9 пайызды құрайды.
Мемлекеттік орман қорының басым бөлігі - 74,7% облыс әкімдіктерінің қарамағында, 24,6% Комитеттің қарауында.