Орман кадастры бойынша анықтама

 

Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/63 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін облыстар бойынша және тұтастай республика бойынша түсіндірме жазбалары бар жиынтық есептерді орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, Аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерге электрондық және қағаз жеткізгіштерде жібереді.

Мемлекеттік орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажетті орман қорының жер учаскелері туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.

Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу шеңберінде алынған нәтижелер Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесіне беріледі.

Орман кадастрі
Дата публикации
07 июля 2021