2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй – коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлікке «Топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту» нысаналы индикаторы бекітілді (ЭГТРМ «Су кодексіне» сәйкес елді мекендерге дейін топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жүргізілуде).
2020 жылы 254 «Су ресурстарын тиімді пайдалану» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде топтық су құбырларын салуға және қайта жаңартуға 13 жобаны іске асыруға 4,9 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 108 «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарды, сумен жабдықтау объектілерін салу, күрделі жөндеу және (немесе) қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде топтық су құбырларын салуға және қайта жаңартуға 2 жобаны іске асыруға 3,9 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
2020 жылы 3 жоба аяқталды:
1) Алматы облысы Қарасай ауданында Қаскелең топтық су тартқышын салу. 1-ші іске қосу кешені (құрылыстың 1-ші кезегі);
2) Қызылорда облысы Шиелі ауданы бойынша Жиделі топтық су құбырының және оған қосылатын № 3 КСС (ПК282+70) Бірлестік елді мекеніне дейінгі тармағының құрылысы. Қосылым тармақтары, бас су құбыры құрылыстары және елді мекендердің кентішілік желілері бар № 5 КСС-тан Жөлек елді мекеніне дейінгі су тартқышты салу;
3) БҚО Сырым ауданы Кенашы жер асты сулары кен орнынан Жымпиты ауылын сумен жабдықтау құрылысы.
Нәтижесінде 2 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 124,5 мың халқы бар 13 елді мекен мен 1 қалада сумен жабдықтау жақсартылды.