Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 тамыздағы №202-ө бұйрығына 23-тармақ бойынша ақпарат

Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК балансында республикалық меншікте 5749 су шаруашылығы және гидромелиоративтік объектілер бар, оның ішінде: 87 су қоймасы, 83 су торабы, 36 бөгет, 102 сорғы станциясы, 1 бас құрылыс, 3448 канал және басқа да су шаруашылығы объектілері.

Су қоймаларының жиынтық көлемі немесе пайдалы сыйымдылығы - 14 484,84 млн.м3. Су айдындарының тозуы орта есеппен - 40%-ды құрайды. 87 су қоймасының 35-і 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді.

2020 жылы ГТҚ көзбен шолып тексеру нәтижесінде «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 87 су қоймасының 6-ы авариялық жағдайда, 2-і бойынша құрылыс жұмыстары аяқталмаған, 17-і жөндеуді талап етеді, 3-і қанағаттанарлықсыз жағдайда, 57-і қанағаттанарлық жағдайда.

Пайдалану ережелеріне сәйкес «Қазсушар» РМК филиалдары гидротехникалық құрылыстардың жағдайын үнемі тексеріп отырады. 204 трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін 2021 жылға республикалық бюджеттен РБ-дан 9 964,3 млн.теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 299 су объектісі тікелей су тұтынушыларға су беру бойынша қызмет көрсетпейді, алайда бүгінгі күні осы объектілерді күтіп-ұстауға қосымша 1,8 млрд.теңге бөлу талап етіледі.

Қалған 5246 су объектісі өткізілген су үшін тариф есебінен ұсталуда.

Аны_тама п 23
Дата публикации
07 июля 2021