"Қазгидромет" РМК бағалары бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларының талаптарына сәйкес
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 16-00-де online (Zoom) режимінде метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтер мен қоршаған орта мониторингін жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүргізетін және (немесе) іске асыратын жұмыстарға, қызметтерге "Қазгидромет" РМК баға Прейскурантының жобасы бойынша Жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
"Қазгидромет" РМК қызметтерін тұтынушылар, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және мемлекеттік монополия субъектілерінің өкілдері шақырылады.
Мемлекеттік монополия субъектісі – баяндамашы: "Қазгидромет" РМК»
Материалдарды жүктеу сілтемесі https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/174602?lang=ru .
Барлық сұрақтар бойынша көпшілік тыңдауларға қатысу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 79-84-44
Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта мекенжайы: aman_s@meteo.kz
Online (Zoom) қатысу үшін сілтеме)
https://zoom.us/j/97416269358?pwd=UjQ3OGFwajdMNExvRERPeTZHeDhMZz09 
Конференция идентификаторы: 974 1626 9358
Кіру коды: 778783

Дата публикации
04 июня 2021