28.05.2021 жылғы № 83 хаттама ( №14-01/83 Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы )

Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі
қоғамдық кеңестің сырттай дауыс беру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. №14-01/83 2021 жылғы «28» мамыр
Күн тәртібі
Қоғамдық кеңес мүшелерімен НҚА жобаларын қарау туралы
1. Келесі 11 НҚА жобасы қарастырылды:
1) Қазақстан Республикасының Геология саласын дамытудың
2021 - 2025 жылға арналған тұжырымдама жобасы;
2) «Қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық
стандарттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық
жобасы;
3) «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген
электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің бұйрық жобасы;
4) «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген
электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау және
аукциондық бағаларды индекстеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің бұйрық жобасы;
5) «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
6) «Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі қолданылмайтын
немесе жинаудың нөлдік ставкасы белгіленген қауіпті қалдықтардың
жекелеген түрлерін жинауды, тасымалдауды, уақытша сақтауды, қайта
өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды, кәдеге жаратуды
ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрінің бұйрық жобасы;
7) «Орман шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің)
жалпы шығарылымын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
бұйрық жобасы;
8) «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған
шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
9) «Жануарлар дүниесін, қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен
технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
10) «2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі
аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің бұйрық жобасы;
11) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің бұйрық жобасы.
2. Ұсыныстар мен ескертулердің жоқтығы туралы сараптамалық
қорытынды/келісім парақ – ҚК 29 мүшесі «қолдады».
3. 1-тармақта көрсетілген НҚА бойынша ҚК мүшелерінің қоғамдық
тыңдауға шығару бойынша ұсыныстары – жоқ.

Протокол рассмотрения от 28.05.2021 рус.каз_compressed
Дата публикации
28 мая 2021