«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған. (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/169847?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/169847?lang=ru)
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.