Баға ұсынысын сұрату (БҰС) – Шопинг

Жоба:

Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза (ИДЖЖ-2)

Сатып алушы:

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті»

Қаржыландыру көзі:

Дүниежүзілік Банктің қарыз KZ 8277

Келісімшартқа сілтеме:

«ИДЖЖ-2 жобасы үшін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу»

Шығару күні: 2021 жылғы «12» мамыр

Кімге: ___________________

Құрметті Жеткізуші,

  1. Осымен Сізге ИДЖЖ-2 жобасы үшін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша қызметті сатып алу бойынша баға ұсыныстарын жолдау ұсынылады: Техникалық сиппатама қоса берілген (1-қосымша орыс тілінде).
  1. Сіз барлық атаулары бойынша баға ұсынысын осы сұрату шеңберінде ұсынуыңыз қажет. Көрсетілген бағаларды бағалау барлық атаулар бойынша бірге өткізіліп, келісімшарт барлық атаулар бойынша ең төмен бағаланған жалпы бағаны ұсынған фирмаға беріледі.
  1. Сіздің баға ұсынысыңыз өтінімнің қоса берілген нысанына сәйкес astana.idip@mail.ru адресі бойынша электрондық түрде немесе осы БҰС-дың 7-тармағында көрсетілгін мекенжай бойынша қолма-қол ұсынылуы тиіс.
  1. Сіздің орыс тіліндегі баға ұсынысыңыз тиісті техникалық құжаттамамен және басқа баспа материалдарымен немесе Қазақстанда сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін фирмалардың атаулары мен мекенжайларын қоса бере отырып, әр ұсынылған атауы бойынша тиісті ақпаратпен (орыс тілінде) ілесіп жүруі тиіс.
  1. Сіздің баға ұсынысыңызды осы БҰС-дың 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қабылдаудың ақырғы мерзімі: 2021 жылғы «20» наурыз, сағат 18.00 дейін.
  1. Сіздің баға ұсынысыңыз төменде көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес ұсынылып, жеткізудің мерзімдері мен шарттары бойынша талаптарға сәйкесуі тиіс (2-қосымша). Баға ұсынысы және оған қосымшалар (1-3-қосымшалар) қолтаңбамен және мөрмен куәландырылуы тиіс.
  • БАҒАЛАР: Бағалар теңгеде көрсетіліп, техникалық сипаттамаға сәйкес (1-қосымша) жеткізу кезіндегі бұзылу немесе бүліну тәуекелін қоса алумен тағайындалған орнына дейін жеткізуді есепке ала отырып, барлық қарастырылған салықтар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа төлемдерді қамтуы тиіс.
  • БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ: Шын мәнінде техикалық сипаттама талаптарына жауап беретін ұсыныстар, олардың бағаларын салыстыру жолымен бағаланатын болады.

Баға ұсыныстарын бағалау кезінде Сатып алушы, төменде көрсетілген жағдайларда, кез келген арифметикалық қателіктердің түзетулерін енгізу көмегімен, баға ұсынысын түзету жолымен әр ұсыныс бойынша бағалау құның анықтайды:

  • санмен берілген сомалар және сөзбен берілген сомалар арасындағы сәйкеспеушілік кезінде;
  • бір бірлік үшін бағаның және бір бірлік үшін бағаны санына көбейту нәтижесінде алынған жалпы бағаның (соманың) арасындағы сәйкеспеушілік кезінде, бір бірлік үшін мәлімделген баға анықтаушы болады;
  • егер әлеуетті Жеткізуші түзетуді қабылдамаған жағдайда, оның ұсынысынан бас тартылады.
  • КЕЛІСІМШАРТТЫ БЕРУ: Келісімшарт бағалау бойынша ең төмен баға ұсынған, техникалық және қаржы мүмкіндіктерінің талап етілетін стандарттарына жауап беретін әлеуетті Жеткізушіге беріледі. Іріктелген әлеуетті Жеткізуші келісімшартты ұсынылған нысанға және жеткізудің мерзімдері мен шарттарына сәйкес қол қояды.
  • ҰСЫНЫСТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ: Сіздің баға ұсынысыңыз осы БҰС-дың 5-тармағында көрсетілген, ұсынысты қабылдаудың ақырғы мерзімінен бастап 45 (қырық бес) күн ішінде күшінде болуы тиіс.
  1. Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

Жобаны басқару жөніндегі тобы

010000, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к-сі 25, «Ансар» БО»

Абенов Алмат –техникалық кеңесші

Тел.: +7 7172 620-240, 620-241, 620-242

Электрондық пошта: astana.idip@mail.ru

 

Құрметпен,

Абенов Алмат

Жобаны басқару жөніндегі топтың техникалық кеңесшісі

Запрос цен предл Страх-е
Дата публикации
12 мая 2021