Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

  1. Конкурс ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау мекенжайы:

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына  (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс (бұдан әрі  - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55-үй мекенжайы бойынша қабылданады.

  1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55-үй, 2021 жылғы 14 маусымда сағат 15:00-де өтеді.

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жария етілген күнінен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 14 маусымда сағат 13:00-де.

  1. Конкурстың негізгі шарттары:

Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Қағидалармен айқындалады.

  1. Конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы:

Лот  - химиялық қалдықтар, материалдар, реактивтер, шикізаттар қосымшаға сәйкес. Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Индустриальный парк Маңғыстау» ЖШС (бұрынғы Ақтау пластмасса зауытының аумағы), № 5 өндірістік аймақ.

  1. Құжаттар пакетін алудың электрондық сілтемесі:

Құжаттар пакетін алу үшін info@zhasyldamu.kz электрондық мекенжайға жүгіну қажет.

Байланысушы адам, конкурстық комиссияның хатшысы – С.Е. Кусаинова. Тел.:+77085814033, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55-үй.

обьявление АЗПМ
Дата публикации
12 мая 2021