Жұмыс беруші: "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті РММ
Түйіндемені ұсыну үшін байланыс деректері: Әбенов Алмат Есенгелдіұлы, эл. пошта: astana.idip@mail.ru, тел.: 8 7172 62 02 40, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ 25, кеңсе 1208
Ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 24 мамырға дейін.
Біліктілік:
- Құрылыс, гидротехника саласындағы жоғары білім
- Құрылыста, ауыл шаруашылығында 10 жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі
- Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады
Тілдер:
- Техникалық кенесші қазақ және орыс тілдерін өте жақсы меңгеруі тиіс.
Осы позицияның міндеттері:
Осы позицияның негізгі міндеті жобаны тікелей жобалау аймағында (Шымкент қаласындағы ЖБТ) іске асыру кезінде 1-компонент бойынша кенесшілік қызметтер көрсету болып табылады.
Міндеттері:
Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, 1-компонент бойынша келесі міндеттер үшін жауап береді
- Жобаның кіші жобалық аймақтарында 1-компонентті сапалы іске асыру үшін жеке жауапкершілік.
- Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ ЖСҚ-ның мемлекеттік құрылыс және салалық сараптамалардан өтуін бақылау.
- Республиканың тиісті облысындағы кіші жобалық аймағында жобаның компоненттерін тікелей сапалы іске асыру үшін дербес жауапкершілік.
- ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитет және ЖБТ Координатор алдындағы жобаның ирригациялық және дренаждық аспектілері үшін жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
- Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және басқа да құжаттарды сұрату және алу.
- Жобалау-іздестіру жұмыстары кезінде жоба объектілерін тексеруге, тексеру нәтижелері бойынша ақаулы актілерді дайындау және растау жұмыстарға қатысу.
- Жоба объектілерінде ИДЖ республикалық меншікке беруді ұйымдастыру.
- Жобалық шешімдерді қарау, олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру
- Жобалық шешімдерді барлық мүдделі тараптармен және барлық қатысушылармен, соның ішінде жұмыс істейтін ұйымдар мен фермерлермен келісу.
- Халықаралық Консультант дайындаған тендерлік құжаттар құрамында техникалық ерекшеліктер мен жұмыс көлемдерінің ведомостарын қарауға және келісуге қатысу. Олардың жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру.
- Жобаны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
- Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясы (FIDIC) келісім-шарттарының талаптарына, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік талаптарына, ЖСҚ-ға сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;
- Жобаны уақтылы және сапалы жүзеге асыру мақсатында инженердің резиденттерімен үнемі өзара әрекеттесу.
- Инженердің жұмыс кестелері қызметімен бірлесіп келісу. Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.
- Жоба объектілері құрылысының барысын күнделікті мониторингтеу, құрылыс учаскелеріне тұрақты бару. Инженер және мердігерлер қызметімен техникалық кездесулерге қатысу.
- Инженер қызметі дайындаған жоба нысандарында орындалған жұмыс көлемінің сертификаттарын тексеру және растау.
- Келісім-шарт талаптарына сәйкес инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.
- Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.
- Нұрсұлтан ЖБТ-ға ай сайынғы есептер мен төлем сертификаттарын уақтылы жіберу
- Объектіде атқарушылық құжаттаманың жүргізілуін және дайындалуын бақылау.
- Жобаны іске асыру барысында ЖБТ персоналының, консультанттың және мердігердің мүдделер қақтығысының туындамауын қамтамасыз ету.
- Нұр-сұлтан ЖБТ үшін құрылыс барысы туралы апта сайынғы есептерді дайындау.
- Техникалық консультант ЖБТ және СРК үйлестірушісіне есеп береді.
- Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау;
- Жоба бойынша тренингтерге қатысу.
Есеп беру бойынша: техникалық консультант СРК-ға және ЖБТ-ға жобаның іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.