«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55 мекенжайы бойынша қабылданады.
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55 2021 жылғы 28 мамырында сағат 15:00-де өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жария етілген күнінен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 28 мамырда сағат 13:00-де.
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Қағидалармен айқындалады.
Лот № 1 - ластанған топырақ. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Державинск қаласы, әскери бөлімнің бұрынғы мазут қоймасының аумағы. Саны: 45 446 тонна. Бағалау құны: 45 446 теңге.
Лот № 2 - Фосфогипс. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, бұрынғы Атбасар химиялық базасының аумағы. Саны: 27 760 тонна. Бағалау құны: 610 720 теңге.
Лот № 3 - ластанған топырақ. Орналасқан жері: Қостанай облысы, Рудный қаласы, бұрынғы «ЖБИ-1» АҚ зауытының аумағы. Саны: 972,3 тонна. Бағалау құны: 972 теңге.
Лот № 4 - агрохимиялық қалдықтар (минералды тыңайтқыштар, пестицидтер). Орналасқан жері: Павлодар облысы, Ленин кенті, бұрынғы «Сельхозхимия» маңында. Саны: 14 855 тонна. Бағалау құны: 14 855 теңге.
Лот №1 – 454,46 теңге;
Лот № 2 – 6 107, 2 теңге;
Лот № 3 – 9,72 теңге;
Лот № 4 – 148, 55 теңге.
Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның деректемелері:
«Жасыл даму» акционерлік қоғамы
БСН 040340008429 ЖСК KZ046017111000000107
«Қазақстан Халық банкі» АҚ БСК HSBKKZKX
ҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж. 62001 № 0028813 Кбе 16
Құжаттар пакетін алу үшін info@zhasyldamu.kz электрондық мекенжайға жүгіну қажет.
Байланысушы адам, конкурстық комиссияның хатшысы – С.Е. Кусаинова. Тел.:+77085814033, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55.