«Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 36-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/158638?lang=kk) орналастырылған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.