Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

    1. Конкурс ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау мекенжайы:

    «Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына  (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Қарағанды облысында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қатысушылар мәлімдеген бағамен сату бойынша конкурс (бұдан әрі  - Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.

    Конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25 мекенжайы бойынша қабылданады.

    1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:

    Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25, 2021 жылғы 12 мамырында сағат 15:00-де өтеді.

    1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жария етілген күнінен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 12 мамырда сағат 13:00-де.

    1. Конкурстың негізгі шарттары:

    Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі Қағидалармен айқындалады.

    1. Конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы:

    Лот  № 1 – Құрамында сынап бар қалдықтар. Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Теміртау қ. Привокзальная 2 к-сі, «Теміртау электрометаллургия  комбинаты» АҚ-ның жабық қоймасы. Мөлшері: 0,14921 тонна. Бағалау құны: 3 146 226,9 теңге.

    Лот № 2  - Құрамында сынап бар қалдықтар. Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Теміртау қ. Привокзальная 2 к-сі, «Теміртау электрометаллургия  комбинаты» АҚ-ның жабық қоймасы. Мөлшері: 0 тонна. Бағалау құны: 0 теңге.

    Лот № 3 - Құрамында сынап бар қалдықтар. Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Теміртау қ. Привокзальная 2 к-сі, «Теміртау электрометаллургия  комбинаты» АҚ-ның жабық қоймасы. Мөлшері: 0,0195 тонна. Бағалау құны: 0 теңге.

     

    1. Жарнаның төлемі үшін деректемелерін көрсете отырып, қалдықтар объектісінің бағалау құнының бір пайызын құрайтын конкурсқа қатысу құқығы үшін оның мөлшері:

    Лот №1  – 31 462,269 теңге.

    Лот № 2 – 0 теңге.

    Лот № 3 – 0 теңге.

    Конкурсқа қатысу құқығы үшін жарнаның деректемелері:

    «Жасыл даму» акционерлік қоғамы

    БСН 040340008429 ЖСК KZ046017111000000107 

    «Қазақстан Халық банкі» АҚ БСК HSBKKZKX

    ҚҚС бойынша куәлік: 18.04.2013 ж. 62001 № 0028813 Кбе 16

    1. Құжаттар пакетін алудың электрондық сілтемесі:

    Құжаттар пакетін алу үшін info@zhasyldamu.kz электрондық мекенжайға жүгіну қажет.

    Байланысушы адам, конкурстық комиссияның хатшысы – С.Е. Кусаинова. Тел.:8 7172 768255, +77085814033, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 12/1-үй, ВП-25.

Объявление
Дата публикации
12 апреля 2021