Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар жоғары Балық шаруашылығы (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау), биологиялық және сабақтас ғылымдар (биология), қоршаған орта (экология), бизнес және басқару (экономика), өндірістік және өңдеу салалары (азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану салалары бойынша) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі немесе сәйкес салалық ұйымда басшылық лауазымдарда бес жылдан кем емес еңбек өтілі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
«Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық РМҚК орналасқан жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы Қосжар ауылы.
Конкурстың өту күні үміткерлерге ескертіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру және конкурс келесі мекен жайда өтеді: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел, 8-үй, Министрліктер үйі, 1 кіреберіс. анықтама үшін телефон: (7172) 74-99-41, 8707-111-98-67.