БОС ОРЫН: Жобаны басқару тобының (ЖБТ Нұр-Сұлтан қ.) 1 компонент бойынша техникалық кенесшінің алу жөніндегі конкурс ("Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасы, 2-фаза)

Жұмыс беруші: "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті РММ

 

Түйіндемені ұсыну үшін байланыс деректері: Әбенов Алмат Есенгелдіұлы, эл. пошта: astana.idip@mail.ru, тел.: 8 7172 62 02 40, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ 25, кеңсе 1208

 

Біліктілік:

  • Құрылыс, гидротехника саласындағы жоғары білім
  • Құрылыста, ауыл шаруашылығында 10 жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

Тілдер:

  • Техникалық кенесші қазақ және орыс тілдерін өте жақсы меңгеруі тиіс.

 

Осы позицияның міндеттері:

Осы позицияның негізгі міндеті жобаны тікелей жобалау аймағында (Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖБТ) іске асыру кезінде 1-компонент бойынша кенесшілік қызметтер көрсету болып табылады.

 

Міндеттері:

Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, 1-компонент бойынша келесі міндеттер үшін жауап береді

  • Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ ЖСҚ-ның мемлекеттік құрылыс және салалық сараптамалардан өтуін бақылау.
  • Республиканың тиісті облысындағы кіші жобалық аймағында жобаның компоненттерін тікелей сапалы іске асыру үшін дербес жауапкершілік.
  • ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитет және ЖБТ Координатор алдындағы жобаның ирригациялық және дренаждық аспектілері үшін жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және басқа да құжаттарды сұрату және алу.
  • Жобалық шешімдерді қарау, олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру
  • Жобаны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
  • Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясы (FIDIC) келісім-шарттарының талаптарына, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік талаптарына, ЖСҚ-ға сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;
  • Жобаны уақтылы және сапалы іске асыру үшін халықаралық Консультантпен және Шымкент ЖБТ-мен тұрақты өзара іс-қимыл жасау.
  • Халықаралық консультант пен Шымкент ЖБТ бірлесіп жұмыс жүргізу кестелерін келісу.
  • Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.
  • Шымкент ЖБТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысын мониторингтеу, жобалық учаскелерге тұрақты бару. Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.
  • Келісім-шарт талаптарына сәйкес Инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.
  • Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.
  • Ай сайынғы есептерді ЭГТРМ СРК-ға уақтылы жіберу
  • Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау;
  • Жоба бойынша тренингтерге қатысу.
  • Техникалық консультант ЖБТ және ЭГТРМ СРК үйлестірушісіне есеп береді.

 

Есеп беру бойынша: техникалық консультант СРК-ға және ЖБТ-ға жобаның координаторына іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.

Бос орын - вакансия
Дата публикации
07 апреля 2021