«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларын, оның ішінде өздері үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларын, оның ішінде өздері үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 37-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/137036?lang=kk) орналастырылған.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

пресс-релиз
Дата публикации
24 февраля 2021