Ауа ластануының жай-күйі стационарлық бақылау бекеттерінде таңдалған
ауа сынамасының талдауы мен өңделу нәтижелері бойынша бағаланды.
ҚР аумағында атмосфералық ауа ластануының жай-күйін «Мемлекеттік
органдарды тұрғындар қоғамдастығын ақпараттандыру үшін қалалардың
атмосфера ластануының жай-күйі жөніндегі құжат 52.04.667–2005 БҚ сәйкес
стандартты индекс пен ең жоғары қайталанғыштық бойынша бағалау жүргізілді.
Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері. Атмосфералық ауаның
ластану деңгейі қоспалар шоғырларының салыстыруы ШЖШ-мен (мг/м3
, мкг/м3
)
бағаланады.
ШЖШ- шекті жол берілген қоспаның шоғыры(1- қосымша).
Атмосфералық ауа ластану деңгейінің 1 жарты жылдықтыбағалау үшін ауа
сапасының екі көрсеткішін қолданады.
- стандартты индекс (СИ) – қысқа уақыт кезеніңде ең көп өлшенген, бекеттегі
бір қоспа үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген
деректерден ШЖШ бөлінген қоспа шоғыры.
- ең жоғары қайталанғыштық (ЕЖҚ)%, ШЖШ-дан асуы - бекеттегі бір қоспа
үшін немесе барлық бекеттердегі барлық қоспалар үшін өлшенген деректердегі
қайталанғыш.
9
Атмосфераның ластану деңгейі СИ және ЕЖҚ мәндерінің төрт градация
бойынша бағаланады(2- қосымша). Егер СИ мен ЕЖҚ әртүрлі градацияға түссе,
онда атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштері АЛИ мәні бойынша
бағаланады.
Атмосфералық ауа ластануының жалпы бағалау.
СИ және ЕЖҚ бойынша, 2020 жылғы 4 – тоқсан ластанудың өте жоғары
класына (СИ –10-нан аса, ЕЖҚ –50% аса) Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш
қалалары;
Ластанудың жоғары класына (СИ - 5-10, ЕЖҚ - 20-49%): Алматы, Өскемен,
Жезқазған, Теміртау, Ақтау, Атырау, Семей қалалары және Глубокое кенті;
Ластанудың көтеріңкі деңгейіне (СИ – 2-4, ЕЖҚ – 1-19%); Қостанай,
Рудный, Жаңаөзен, Павлодар, Риддер, Алтай, Ақсу, Жаңатас, Тараз, Шу, Орал,
Ақсай, Шымкент, Түркістан, Қаратау, Кентау, Талдықорған қалалары және
Қарабалық кенті;
Ластанудың төменгі деңгейіне (СИ – 0-1, ЕЖҚ – 0%): Көкшетау, ЩучинскБурабай курорттық аймағы, Степногор, Атбасар, «Боровое» КФМС, Саран,
Екібастұз, Құлсары, Қызылорда, Петропавл, қалалары және Қордай, Январцево,
Ақай, Төретам, Бейнеу кенттері жатады.