1. Шетелдік компанияның (инвестордың) қысқаша сипаттамасы, соның ішінде: заңды тұлғаның атауы,заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты - бар болса); заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факсі, электронды поштасы; заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өнім көрсеткіштері, инвестициялық шарт жасасуға жоспарланған жұмыс тәжірибесі. Кәсіпорынның соңғы есептілік кезеңінің қаржылық-шаруашылық қызметінің қысқаша есебі.
2. Қазақстанда және шетелдерінде іске асырылған жобалар.
Компанияның іске асырылған жобалардың табыстық құрамдас бөлігі.
3. Ұсынылып отырған жобаның қысқаша сипаттамасы.
4. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының өңдеуге (қайталама шикізатқа), қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға ұсынылған технологиялары. Келесі бағыттарды таңдаған жөн: аршу жыныстары, өңделген қышқылданған кен, байыту қалдықтары, тау жыныстарының сыйымдылығы, мұнай шламдары, шлактар, қара, түсті металлургия, құрылыс қалдықтары, электр және электрондық жабдықтардың қалдықтары, пластик, азық-түлік қалдықтарды. Қолданылатын технологиялардың демонстрациялық көрсетілімі слайд жүзінде болжамдылады.
5. Қаржылық экономикалық талдау: іске асырылатын инвестициялық жобаның құны, қаржыландыру көздері: меншіктік қаражаттары; қарыз қаражаты (қарыздар немесе шаруашылық субъектілерінің қарыз қаражаттары); сапа жүйелеріне тиісті халықаралық стандартқа сай өндірісті ұйымдастыру; жобаны іске асырғаннан кейін мультипликативтік әсері; өтемділік мерзімі; республикалық және жергілікті бюджеттерге шығындар жататын және табыстар есебі.
6. Бастапқы материал: шығысқа болжамдылатын өнімдер, тағайындалуын, қолдану саласын және спектрлік түрлерінің түрлендіруін көрсетіліп тауарлардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы; технологияны көрсету, мүмкіндігінше соңғы материалдың үлгілерінің болуы қаланады.
7. Лицензиялардың болуы (егер қызметтің түрі лицензияланатын болса) - патенттер, рұқсаттамалар, экспорттық және импорттық квоталардың болуы,қалдықтарды қайта өңдеудегі нарықтық мүмкіндіктері бойынша шектеулер мен ұсынымдар, технологиялық процесстердің экологиялық тазалығына талаптардың болуы; өткізім арналары - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізілім болжанатыны көрсетілсін; нарықта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердің орын алуы, болашақтағы олардың өндірісін бағалау, соңғы бірнеше жыл ішінде тауарлардың экспорты және/немесе импортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкіндіктері нәтижелерінде нарықтық болжауы; шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктер. Сонымен қатар, бұл жабдықтың және (немесе) заводтың құны белгілі бір Қазақстанның аймақтарына (аймағына) хабардар болуы қажет және таңдалған қаланың әр адам санына есептелуі қажет.