7-8 маусым 2015ж.
Климаттың өзгеруі жөніндегі декларация
КӨҮСТ – тің (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы) Бесінші бағалау баяндамасында атап көрсетілгендей, климаттың өзгеруі мәселесін шешу үшін жедел және нақты шаралар қолдану қажет. Біз өзіміздің биылғы жылдың желтоқсанында Парижде өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (ТК 21) хаттама, тағы бір заңды құжат неБҰҰ – ың Климаттың өзгеруі жөніндегі нобайлы конвенциясына (БҰҰ КӨНК) сай барлық тараптарға қолдануға келетін –мақсатты, мәні айқын, инклюзивті құжат болып табылатын әрі өзгеріп отыратын ұлттық жағдайларды бейнелейтін– заңды күші бар келісілген қорытынды құжатты қабылдауға белімізді бекем буып отырғанымызды растаймыз.
Бұл келісім – олар ұзақ мерзімді уақыт ауқымында үсті–үстіне күшейе беретін ұмтылысты алға жылжытуы тиіс мақсаттарға жету бағытындағы ілгерілеушілікті жіті бақылап отыру ісіндегі негіз ретінде орындалуы міндетті ережелер арқылы осы шараларды іс жүзіне асыру әдістерін қоса алғанда – айқындық пен есеп берушілікке себепші болуы тиіс. Бұл жайт – дүниежүзілік орташа температураның артуы 2 °C мөлшерінен төмен деңгейде қала беруі үшін тиісті алғышарттар қамтамасыз ету жөніндегі бүкіләлемдік мақсатқа сай – барлық елдердің төменкөміртекті әрі тұрақты даму жолымен дамуына мүмкіншілік туғызуы керек.
Осы мақсатты есте ұстай отырып әрі КӨҮСТ – тің соңғы нәтижелерін қарастыра отырып, біздер ХХІ ғасырдың барысында парниктік газдарды атмосфераға бөлудің дүниежүзілік көлемін терең мөлшерде азайтумен қатар, бүкіләлемдік экономиканы көміртексіздендірудің қажет екендігін атап айтамыз. Тиісінше, осы мәселені тек бүкіләлемдік ауқымдағы жауап шара қолдану арқылы ғана реттеуге болатынын мойындай отырып, парниктік газдарды атмосфераға бөлуді азайту жөніндегі дүниежүзілік мақсатқа қатысты жалпы ұстаным ретінде, біз БҰҰ КӨНК – тің барлық тараптарының 2010ж. – мен салыстырғанда 2050ж. аталған атмосфераға бөлуді 40%– дан 70 % мөлшеріне дейін азайту туралы КӨҮСТ – тің соңғы кеңесінің жоғарғы шегін өзара бөлісе отырып, міндет ретінде мойындарына алуына қатысты қолдауымызды білдіреміз. Ұзақмерзімді уақыт аралығында – 2050 жылға қарай энергетикалық секторларды түбегейлі жаңартуға ұмтыла отырып, инновациялық технологияларды дамыту мен өрістетуді қоса алғанда – біз төменкөміртекті бүкіләлемдік экономикаға қол жеткізу ісіне өз үлесімізді қосу жөнінде міндеттеме аламыз және барлық елдерді бұл істе біздерге қосылуға үндейміз.
«Үлкен жетілік» (G7) елдеріөз тобының барлық мүшелерінің 2020 жылдан кейінгі уақыт кезеңдеріне арналған эмиссиялар жөніндегі мақсаттарды жариялауын не ұсынуын, сонымен қатар, ұлттық деңгейде белгіленетін долбарлы үлестер туралы (INDC) мағлұмат беруін құптайды және барлық елдерді ТК21 болуынан бұрын күнілгері осындай шараларды қолдануға шақырады. Біз – жеңілдету шаралары мен іс жүзіне асыру жөніндегі айқындық мәнмәтініндегі – 2020 жылға қарай әр түрлі мемлекеттік және жекеменшік көздерден біріккен іс–әрекет арқылы жылына 100 миллиард АҚШдоллары көлеміндегі қаржы жұмылдыру жөніндегі Копенгаген келісіміне қатысты өзіміздің адал болып қала беретінімізді тағы да растаймыз.
Жоғарырақ деңгейлерде климаттың өзгеруі жөніндегі шараларды қаржыландыру әлден – ақ іс жүзіне асырылып жатыр. Біз өз тарабымыздан қаржыландыруды қамтамасыз ету әрі мемлекеттік әріжекеменшік көздерденүсті–үстіне өсе беретін қаражат көлемін жұмылдыру жөніндегі іс–әрекет етуімізді жалғастыра береміз әрі өзіміздің, сонымен қатар, біздің басқа серіктестеріміздің 100 миллиардАҚШ долларын бөлу мұратына жетуде айтарлықтай алға жылжуымызды, және де Париждегі кездесу нәтижелері шеңберіндегі қаржыландыру шарттарына қатысты келіссөздерге белсене атсалысу әрекетіне даяр екеніміздідүйім жұртқа айқын түрде танытамыз.
Біздер көптарапты даму банкілерінің (КДБ) климаттың өзгеруі жөніндегі шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етудегі және мемлекеттердің төменкөміртекті экономикалық жүйелерге көшуіне көмек берудегі әлеуетін мойындаймыз. Біздер КДБ–іне іс жүзіне асырылып жатқан әрі осы мақсатқа жетуді көздейтін ұлттық бағдарламаларға қолдау көрсету үшін өздерінің теңгерімдік есеп берулерін және өздерінің басқа серіктестерін жұмылдыру мүмкіндіктерін барынша пайдалануы туралы өтініш жасаймыз. Біздер Климаттың өзгеруі жөніндегі шараларды ұзақ мерзімді қаржыландыруға қатысты Ақпараттық – сараптама баяндамасын жариялағаны үшін басшылыққа алғысымызды білдіреміз әрі барлық тиісті форумдарда, ТК21 – ді ескере отырып, бұдан ары қарай да ақпарат алмасуды жалғастыруға шақырамыз. Жекеменшік сектор капиталын жұмылдыру осы міндетті атқару үшін әрі төменкөміртекті технологияларға және де климаттың өзгеруінің теріс салдарларына қарсы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қажетті инвестицияларды салуды қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылады. Инвестициялар жолындағы бүгінгі күнгі бөгеттерді еңсеру үшін жұмылдырудың жоғары дәрежелі тиімділігіне ие қаржыландыру әдістері қажет.
Осы мақсатта біздер келесілерді іс жүзіне асырамыз:
a) Өзіміздің елдердің – әсіресе ең осал елдердің – климаттың өзгеруімен байланысты табиғи апат қатерлері мәселесін шешу әрі оларға қатысты тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі өз әрекеттеріне қолдау көрсетуімізді күшейтеміз. Біздер ең осал дамушы елдердегі климаттың өзгеруімен байланысты қатерлердің теріс салдарынан сақтандыруға тікелей не жанама түрде қолы жетімді адамдар санын 2020 жылға қарай 400 миллионға дейін жеткізуді көздейміз әрі ең осал елдерде ертерек ескерту жүйелерін дамытуға қолдау көрсетуге ұмтылатын боламыз. Әрі (осынау құжатқа) қосымшада баяндалғандай, мұны істеу үшін біздер Қатерден сақтандыру жөніндегі Африкалық әлеует, Апаттар қатерінен сақтандыру жөніндегі Кариб сызбасы мен осал аймақтардағы сақтандыру шешімдері мен нарықтарын қалыптастыруға қатысты – кіші аралдарда қоныс тепкен дамушы мемлекеттердегі, Африкадағы, Азиядағы және Тынық мұхит аймағындағы, ЛатынАмерикасындағы әрі Кариб теңізі бассейніндегі шараларды қоса алғанда – басқа да ұмтылыстар тәрізді қолданыстағы қатерден сақтандыру жөніндегі сызбалар іс-тәжірибесінен тәлім алып әрі осының үлгісі негізінде әрекет ететін боламыз.
ә) Бұл (осынау құжатқа) қосымшада баяндалғандай, күні бүгін іс жүзіне асырылып жатқан – Климаттың өзгеруі жөніндегі іс–әрекетті қаржыландыруға арналған Дүниежүзілік инновациялық зертхана (the Global Innovation Lab for Climate Finance) белсенділігінің шеңберінде істеліп жатқан істерді қоса алғанда – жұмыс тәжірибесі мен бастамаларды негіз ете отырып, Африкада және әлемнің басқа аймақтарындағы дамушы елдерде энергия ресурстарының тапшылығын азайту мақсатында қалпына келетін энергия көздеріне қолжетімділікті үдету және жекеменшік инвесторлар, даму қаржылық мекемелері мен көптарапты даму банкілерінен 2020 жылға қарай айтарлықтай қаржылық ресурстарды жұмылдыру.
Сонымен қатар, біз өзіміздің Жасыл климаттық қорды 2015ж. толық жұмыс істетуге әрі климаттың өзгеруі жөніндегі іс–әрекетті қаржыландыру жөніндегі келешек жүйенің басты мекемесіне айналдыруғабағытталған ұмтылысымызды тағы да растаймыз.
Біз табиғи қазба отынды пайдалануға тиімсіз түрде көмекқаржы бөлуді доғару мақсатына адал болып қала береміз әрі барлық елдерді осыдан үлгі алуға ынталандырамыз және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) шеңберіндегі – экспорттық несиелеу қалайша біздің ортақ мақсатымыз болып табылатын климаттың өзгеруі мәселесін реттеуге көмек бере алатыны туралы тақырып бойынша – талқылауларды ұзақ мерзімді алға жылжыту мақсатына адал болып қала бермекпіз.
Климаттың өзгеруінің салдарларын жеңілдету әрі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі пікірлерді өзіміздің дамушы елдерге беретін көмегіміз бен инвестициялық шешімдеріміздің шеңберіне ендіру туралы біз өзімізгеміндеттеме қабылдаймыз. Біздер гидрофторкөміртектерді (ГФтК) бірте–бірте азайтуға бағытталған іс – әрекетімізді жалғастыра береміз әрі Монреаль хаттамасының барлық тараптарына биылғы жылы ГФтК – ны бірте–бірте азайту туралы түзету енгізу туралы келісімге келу жөнінде әрі донорларға дамушы елдерге оны іс жүзіне асыруға көмек көрсетсеңіздер деген өз өтінішімізді білдіреміз.
Төменкөміртекті өсу мүмкіндіктеріне инвестициялар салуды ынталандыру мақсатында біз алдымызға тиімді шаралар қолдануға және бүкіл дүниежүзілік экономика ауқымында – көміртекті өнімдер нарығындағы іс–әрекеттерге негізделген шаралар мен реттеу құралдарын қоса алғанда – іс–шараларды атқаруға қатысты ұзақ мерзімді мақсат қою жөніндегі міндетті мойынымызға аламыз және басқаелдерді бұл істе біздерге қосылуға үндейміз. Ерікті қатысу мен тиісті – Бүкіләлемдік банкті қоса алғанда – серіктестермен ынтымақтаса отырып, бұл мәселелер жөніндегі стратегиялық диалогқа арналған платформаны қалыптастыру мақсатына біз шынайы түрде берілгенбіз.