2020 жылғы 9 қарашада ҚР Президенті энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша Заңға қол қойды, ол түзілген қалдықтарды және олардың полигонға келіп түсуін қысқарту, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту, қалдықтардың экологияға теріс әсерін азайту, теміржол тасымалдары саласындағы «жүк» ұғымын нақтылау және оларға бос вагондарды (контейнерлерді) жатқызу, темір жол тасымалдары саласындағы тариф белгілеу реформасының басталу мерзімін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы қаңтардың басына ұзарту, сондай-ақ, қоғамдық маңызы бар жанқиярлық еңбегі үшін «Еңбек Даңқы» орденімен наградталатын адамдар тобын кеңейтуге бағытталған.
Атап айтқанда, қаржы-есеп айырысу орталығының ЖЭК-ке ұқсас қоқыс жағатын зауыттардан 15 жыл ішінде электр энергиясын кепілді сатып алу тетігі енгізілетін болады, бұл қалдықтарды кәдеге жарату секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.
Бұл көмуге жіберілетін қалдықтар көлемін қысқартуға мүмкіндік береді, сөйтіп қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, сондай-ақ баламалы электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға және жаңа ҚТҚ полигондарын салуға арналған бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Заң темір жол тасымалдары саласындағы тариф белгілеу реформасының басталу мерзімін 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап 2021 жылғы қаңтардың басына ұзарту қарастырылған.
Сонымен бірге, қоғамдық маңызы бар жанқиярлық еңбегі үшін «Еңбек Даңқы» орденімен наградталатын адамдар қатарына білім беру, медицина, әлеуметтік қызмет саласының қызметкерлерін қосу қарастырылған.
Жалпы, Заң қалдықтарды өңдеу және теміржол тасымалы саласына оң әсерін тигізеді.