Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетеньдер

Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) - табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, олардың жай-күйін байқаудың кешенді жүйесі.

Атмосфералық ауа, жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік экологиялық мониторинг объектілері болып табылады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкіне берілетін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингінің, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде жүзеге асыратын өндірістік мониторингтің нәтижелеріне негізделеді.

Елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының мемлекеттік мониторингін Қазақстан
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет»
РМК жүргізеді.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – сенімді гидрометеорологиялық ақпарат алу, гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдар мен қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың сапасын арттыру, мемлекеттік бақылау желісінде жүйелік бақылау жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және қорыту болып табылады.

Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі:

- Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;

- Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;

- Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;

- Топырақ жай-күйінің мониторингі;

- Метеорологиялық мониторинг;

- Радиациялық мониторинг;

- Трансшекаралық ластану мониторингі;

- Фондық мониторинг.

Документы
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан Республикасы қоршаған орта жай-күйі жөніндегі 2026 жылғы тамыз айына арналған ақпараттық бюллетені
Ақпарат
27 июля 2026
Қоршаған орта нысандарындағы уытты заттардың трансшекаралық тасымалдануы жөніндегі 2026 жылғы 1 жартыжылдығына арналған ақпараттық бюллетені
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылдың 1 жартыжылдық Қазақстан Республикасы қоршаған орта жай-күйі жөніндегі ақпараттық бюллетені
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы