
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 25 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Мемлекет басшылары жақындасуға жататын табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне қол қойды.
Келісілген тізбе теміржол көлігі, отын-энергетика кешені, аэронавигация, сумен жабдықтау және су бұру бөлігіндегі табиғи монополиялар салаларына қатысты, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметтерін жатқызу не алып тастау жөніндегі нормаларды көздейтін нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды
Жаңа құжат табиғи монополиялар қызметтерін тұтынушылар үшін тең жағдайларды, тауарларды өткізу еркіндігін қамтамасыз етуге, тұтынушылар мен реттелетін субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауға, сондай-ақ осы саладағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған
ЕАЭО елдері алдағы 4 жылда бекітілген тізбе бойынша өз заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізеді деп күтілуде
Бұдан басқа, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп 2023 жылы табиғи монополиялар мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат дайындауда
Құжатта мүше мемлекеттердің қабылданған және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері, ЕАЭО елдерінің реттеуші органдарының қызметі, сондай – ақ табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы үйлестіру бойынша ЕАЭО – ға мүше мемлекеттер жүргізетін іс-шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі
Құжат ағымдағы жылдың мамыр айында Мәскеудегі саммитте еуразиялық бестіктің басшыларына ұсынылады
Жалпы алғанда, мынаны атап өту маңызды, осы саладағы жалпы тәсілдер қазақстандық компаниялардың ЕАЭО елдерінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (порттарға, т/ж инфрақұрылымына, әуежайға, сумен жабдықтауға, су бұруға қолжетімділігі) қолжеткізуі үшін келісілген және ашық жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өту маңызды, бұл континенттік тұйықталу жағдайында Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие