Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

 

Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды. 

ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280 – НҚ бұйрығымен бекітілген "Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына" (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілді.

2023 жылғы 29 қыркүйекте кандидатпен әңгімелесу өткізілді, оның барысында ЕАЭО институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.

Кандидат Е. А. Қанашкина бойынша әңгімелесу қорытындысы бойынша біліктілік іріктеуден өту туралы шешім қабылданды.

Тиісті ұсыныстар өтініш берушіге берілді.

Келесі іріктеу 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді.