
ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі орынбасарының - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280 – НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына» сәйкес өткізілді.
Біліктілік іріктеуіне келесі кандидаттар қатысты: Зарипов Р. Р. және Өтемісов С. А.
2023 жылғы 26 сәуірде жоғарыда аталған кандидаттармен әңгімелесу өткізілді, олардың барысында ЕАЭО институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша екі үміткер де біліктілік іріктеуінен өтті.
Тиісті ұсыныстар өтініш берушілерге берілді.
Келесі іріктеу 2023 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/549913?lang=ru