Ашық диалог: Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша интернет-конференция

Ашық диалог: Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша интернет-конференция

А.ж. 16 маусымда ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ашық диалог» Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша интернет-конференцияны өткізеді.

Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Экономикалық интеграция департаменті кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту басқармасының басшысы Тоқан Диас Ерболұлы жауап береді.

Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/3355

Интернет-конференция форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы (бейнеконференция емес) екенін ескеруіңізді сұраймыз.

Ескертпе: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру не логин/пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өту маңызды.

 

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/article/details/126946?lang=ru