
2023 жылғы 31 наурызда Сауда министрлігінің өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕАЭО құқықтық базасының кәсіпкерлік қызметті жүргізуге әсерін бағалаудың жаңа тетіктерін енгізу мәселесі бойынша консультацияларға қатысты.
Бүгінгі таңда ЕАЭО органдары қабылдаған актілердің едәуір саны бойынша кең құқық қолдану практикасы қалыптасты. Бизнесті жүргізудің үнемі өзгеріп отыратын ережелері және елдердің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жеңілдетуге деген ұмтылысы қолданыстағы НҚА-ны тиісті талдауынсыз сәтсіз болуы мүмкін.
Осыған байланысты, ЕАЭО шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсер ететін ЕАЭО органдары актілерінің нақты әсерін бағалау тетігін енгізу туралы шешім қабылданды.
Бағалау әр үш жыл сайын жүргізілетін болады және бизнесті жүргізу шарттарын қатаңдататын, сондай-ақ кәсіпкерлердің негізсіз шығындарына әкеп соғатын артық ережелерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, сарапшылар ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарттардың жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау рәсімін ЕАЭО - да өткізу үшін құқықтық негіздерді қарастырды.
Бұл рәсім ЕАЭО шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсер етуі мүмкін халықаралық шарттардың жобаларын дайындаудың міндетті кезеңі болады.
Аталған тетіктерді іске асыру тәртібі сараптамалық деңгейде келісілді және жақын арада ЕЭК алқасының қарауына ұсынылатын болады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/530031?lang=ru