
2023 жылғы 29 тамызда Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында елдер экономикасы мен бизнес үшін маңызды бірқатар бастамалар қабылданып, талқылауға шығарылды. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.
Қазақстан тарапының бастамасы бойынша ЕЭК Кеңесі "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізді. Өзгерістер БҰҰ-ның жақында қабылданған Ережелері бойынша сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді, олар жалпы шамдар мен сигналдарға, бұрылыс көрсеткіштеріне, жарықтандыруға арналған құрылғыларға, алыс жарық фараларына және т.б. қатысты. Ауыл шаруашылығы техникасының танымалы брендтердің ресми дистрибьютерлері аталған техрегламентті өзектендіру қажеттілігіне тап болды. Өзгерістер қабылданған жағдайда аграршылар үшін жоғары технологиялық техниканың барлық жоспарланған жеткізілімдері кедергісіз жүзеге асырылатын болады.
ЕЭК Кеңесінің шешімімен 2 жылға полиэтиленнен немесе полипропиленнен жалпақ немесе ұқсас жіптерден жасалған маталардың жекелеген түрлеріне қатысты нөлдік баждар белгіленді. Бұл кілем және кілем бұйымдарын өндірумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындардың рентабельділігіне оң әсер етеді, отандық өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және қазақстандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасайды.
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат банк кепілдіктерін өзара тануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және мүше мемлекеттер жеткізушілерінің ЕАЭО елдерін мемлекеттік сатып алуға өзара қатысуын ұлғайтады, өйткені бұған дейін экономикалық одаққа қатысушы кейбір елдерде басқа қатысушы мемлекеттердің, оның ішінде ҚР банктері беретін банк кепілдіктерін тану үшін кедергілер сақталған болатын.
Қазақстандық тарап Кеңестің қарауына кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау мәселесін шығарды. Бүгінгі таңда ЕАЭО-да қолданылып жүрген баждарды бөлу тетігі 2010 жылы әрбір ел үшін нақты өндірілген импорттық баждардың орташа арифметикалық үлесі мен импорт көлемінің есептеулеріне сүйене отырып әзірленді. Қазақстан бұл мәселеге елімізде "кедендік тазартудан" өтетін тауарлар көлемінің өсуіне байланысты бастамашылық жасады. Тиісінше, елдер бөлу нормативтерін анықтау кезінде қолданған көрсеткіштер өзгерді.
Жалпы ЕЭК Кеңесінің отырысында өзара сауда, техникалық және кедендік реттеу, өнеркәсіп, энергетика, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық салаларын қозғайтын 40-қа жуық мәселе қаралды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/611091?lang=ru