
Медициналық бұйымдарды тіркеу ұлттық ережелер бойынша жалғасуда
Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылдың соңына дейін ұлттық қағидалардың шарттары бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу мүмкіндігін сақтау туралы шешімі қабылданды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылы медициналық бұйымдар нарығында кедергісіз орта құру мақсатында медициналық бұйымдарды тіркеудің (қайта тіркеудің) бірыңғай қағидаларын қабылдағанын атап өткен жөн. ЕАЭО елдері үшін бірыңғай ЕАЭО елдерінің аумағында айналысқа арналған медициналық бұйымдарды қайта тіркеу және тіркеу қағидаларына көшуді 2023 жылдың басынан бастап жүзеге асыру жоспарланған болатын.
Алайда, ағымдағы экономикалық жағдайлар, сондай-ақ пандемиялық кезең отандық өндірушілердің ЕАЭО ережелеріне көшуге дайындығына кері әсерін тигізді.
Бұл шешім отандық өндірушілерге әдеттегі талаптарға сәйкес медициналық бұйымдарды шығаруға және тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл медициналық бұйымдар тапшылығының туындау қаупін болдырмайды, оның ішінде Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдардың баға белгілеуіне оң әсер етеді.