Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады.

ЕЭК ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары арасында ЕЭК құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің бос лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді іріктеу бойынша тұрақты негізде конкурстар өткізеді.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 18 жасқа толған азаматтары конкурсқа қатысуға құқылы.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында "Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары" ("Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығы) қабылданды, соған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары Сауда және интеграция министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін ұлттық біліктілік іріктеуден өте алады.

Оң нәтижемен өткен жағдайда, кандидатқа уәкілетті органның ұсынымы беріліп, одан әрі осы кандидат ЕЭК-ке ұсынылады.

Уәкілетті органның ұсынымын алу комиссияға бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті рәсім болып табылмайды, бірақ конкурс өткен кезде ұсынымы бар кандидаттарға артықшылық беріледі.

Біліктілік іріктеу ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жүзеге асырылады.

Ұсыным тіркелген күнінен бастап 18 (он сегіз ай) бойы жарамды.

Біліктілік іріктеуден өту үшін үміткерлердің құжаттары мен өтініштерін қабылдау 2022 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарын қабылдау үшін қатысушылар "Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығына сәйкес құжаттар топтамасын "Іріктеуге қатысу" белгісімен ar.omarova@mti.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуі қажет.

Комиссиядағы бос лауазымдар туралы ақпарат ұйымның https://eec.eaeunion.org/comission/vacancies/  ресми сайтында "Бос орындар" деген бөлімінде орналастырылған.

Кандидаттарды бағалау нысаны – әңгімелесу.

ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу нәтижелері 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

Біліктілік іріктеуден өткен үміткерлерге уәкілетті органның ұсынымы 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 7-кіреберіс мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі.