Қазақстан ЕАЭО-дан алкоголь импортына қарсы қорғау шараларын енгізуге дайын

Қазақстан ЕАЭО-дан алкоголь импортына қарсы қорғау шараларын енгізуге дайын

Қазақстан ЕАЭО-дан алкоголь импортына қарсы қорғау шараларын енгізуге дайын

25-26 тамызда Шолпон-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында ЕАЭО қатысушы елдерінің премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ алкоголь нарығын қалыптастыру мәселелерін талқылады. Құжат ЕАЭО-ның жекелеген мемлекеттері ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдерден импорт үшін белгілейтін кедергілерді жоюды мақсат етіп қояды.

- Құжат бойынша жұмыс 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Бірақ біз әлі де кейбір ұстанымдар бойынша консенсусқа қол жеткізе алмаймыз. Біз  Беларусьте жұмыс істейтін арнайы импорттаушы институттың күшін жоюды талап етеміз, ол Қазақстан мен ЕАЭО-ның басқа да елдерінің тауарлары үшін еңсерілмейтін кедергі болып табылады. Беларусь тарапы өзінің алкоголь импортына квота енгізуді ұсынады. Бірақ бұл ұстанымдар бойынша біздің де ұстанымымыз теріс. «Біз Еуразиялық одақтың бүкіл кеңістігіндегі алкогольдік тауарларға арналған кедергіні толық жоюды талап етеміз», - деп Премьер-Министр орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин Шолпан-Атадағы кездесудің қорытындысына түсініктеме берді.

Статистика деректері бойынша Қазақстанның алкогольді ішімдіктерінің ішкі нарығында ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда импорт 15,7% - ға (18,5 млн АҚШ доллары) өсті.

Ресей Федерациясынан алкоголь өнімінің импорты 31,9% - ға өсіп, 14,9 млн АҚШ долларын құрады, БР-нан - 7,7% - ға 2,8 млн АҚШ долларын құрады.

Бұл ретте ҚР-нан ЕАЭО елдеріне экспорт 24,8% - ға қысқарды және барлығы 10 млн АҚШ долл. (РФ-да - 10 млн АҚШ долл., ҚР – 0,02 млн АҚШ доллары). БР-на экспорт нөлге тең.

- Бізде әріптес елдер Қазақстанға алкоголь экспортын арттырып, ЕАЭО шеңберіндегі міндеттемелерін толық орындайтын және тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін жағдай қалыптасады. Біздің тауарларымыз кемсітілген жағдайда, Үкіметіміздің тауарларға "айна" шараларын енгізуге мүмкіндігі бар. Қазақстанның ұстанымын серіктестер біледі, шектеулерді алып тастаудан бас тартқан жағдайда, Қазақстан ішкі нарықты қорғаудың жауапты шараларының кешенін әзірлеуге ниетті, - деп түйіндеді Жұманғарин.

Тараптар ымыралы шешімге келу үшін талқылауды жалғастыруға келісті. Мәселе ағымдағы жылдың қазан айында кезекті отырыста қайта енгізілетін болады.