Қазақстан ЕЭК-ке өз өкілдігін нығайтуда

Қазақстан ЕЭК-ке өз өкілдігін нығайтуда

Қазақстан ЕЭК-ке өз өкілдігін нығайтуда

2022 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің еңбек шарттарының талаптарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауды көздейтін заң жобасын ұсынды.

Түзетулерді Қазақстан Республикасы ұсынды.

Серік Жұманғарин атап өткендей, түзетулер ЕЭК кадрлық құрамын қалыптастыру тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

Мысалы, ЕЭК Алқасы (министрлері) мүшелерінің жұмыс мерзімімен лауазымды адамдардың еңбек шарттарын үндестіру ұсынылады, ЕЭК - тің ЕАЭО елдерінде өткізілетін кадрларды ұлттық біліктілік іріктеу нәтижелерін міндетті түрде есепке алуы және ЕЭК-тің қатардағы қызметкерлерін мерзімсіз еңбек шарттарынан 5-жылдық келісімшарттарға ауыстыру көзделген. Түзетулерді іске асыру ЕЭК - тің кадрлық құрамын жаңартуға, оның ішінде Қазақстанның өкілдігін күшейтуге және ротация жүргізуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.
Бұл заң жобасы Мәжіліс отырысында мақұлданды және жақын арада ратификациялау рәсімдерін аяқтау үшін Парламент Сенатына жіберіледі.