
ЕАЭО диагностикалық құралдар айналымын реттеудің бірыңғай қағидаларын қолдануға көшуде
2022 жылғы 27 қазанда ЕАЭО-ның кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдар айналымын реттеудің бірыңғай қағидалары туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енді.
Қағидалар ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың сапасын бағалау бойынша бірыңғай рәсімдерді, ЕАЭО мүше мемлекеттер уәкілетті органдары олардың айналымын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде тіркеудің және ақпараттық өзара әрекеттесудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың өндірушілері үшін бұл ЕАЭО-ның бір мүше мемлекетінде алынған тіркеу куәлігінің негізінде ЕАЭО-ның барлық елдерінің нарықтарында өнімінің кедергісіз айналымын білдіреді.
Қағидалар ХЭБ, ФАО, ДДҰ секілді және т.б. халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен үйлестіруді қамтамасыз етуге, диагностикалық құралдардың ЕАЭО-ның кедендік аумағында айналымы кезінде бұрмалау тәуекелдерін қысқартуға, сондай-ақ диагностикалық құралдармен халықаралық және өзара саудалауды жүзеге асыру кезінде негізсіз әкімшілік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды алып тастауға бағытталған.
Қағидалар Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей үшін 2024 жылғы 27 қазаннан, ал Қырғызстан үшін 2026 жылғы 27 қазаннан бастап күшіне енеді. Өтпелі кезеңнің аяқталуына дейін ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдары Қағидалардың ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялау, сонымен бірге зертханалық-құқықтық базаны дайындау бойынша жұмыс жүргізеді.
Қағидалар күшіне енгенге дейін ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың тіркеу куәліктері ұлттық қағидалар бойынша беріледі және мұндай куәліктер 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды болады.