ЕАЭО басымдықтары БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын көрсетеді

ЕАЭО басымдықтары БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын көрсетеді

2021 жылғы 20 мамырда онлайн-форматта «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өңіраралық интеграцияны пайдалану» конференциясы өтті. 

Конференцияны Беларусь Республикасы мен Барбадос елшіліктері Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының атынан сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сөз сөйледі. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттердің орнықты даму мақсаттарын дамытуға қатысуы туралы айтып берді.

Қайрат Төребаев 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы жаһандық күн  тәртібін және оның 17 мақсатын іске асыру Еуразия мемлекеттерін қоса алғанда, барлық елдердің стратегиялық ұлттық күн тәртібіне енгізілгенін және ұзақ мерзімді ұлттық бағдарламалардың катализаторы болып табылатынын атап өтті.

Өңірлік интеграция осы саладағы прогреске қол жеткізуге жаңа серпін бере алады, - деді вице-министр ЕАЭО маңыздылығы туралы. – Өңірлік экономикалық ынтымақтастық өңір елдерінің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуын ынталандыру үшін интеграциялық құралдардың кең спектрін пайдалануға мүмкіндік береді.

Сауда министрлігінің өкілі ЕАЭО дамуының басымдықтары тұрақты даму мақсаттарын көрсетеді деп санайды:

ЕАЭО туралы шартта мәлімделген негізгі мақсаттар мен міндеттер мүше мемлекеттерге ұлттық және өңірлік деңгейлерде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге арналған. ОДМ одан әрі қол жеткізуге ЕАЭО-ның экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру елеулі дәрежеде ықпал ететін болады. Бұдан басқа, Одақтың белсенді дамып келе жатқан халықаралық қызметін ескере отырып, орнықты даму мәселелері ЕАЭО-ның БҰҰ жүйесінің басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерімен, құрылымдарымен және ұйымдарымен ынтымақтастығының түйінді бағыты бола алады.

Соңында Қайрат Төребаев БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ОДМ-ға қол жеткізуіне жәрдемдесу үшін тиісті мақсаттар мен көрсеткіштерді одақтың құрылтай құжаттарына интеграциялауды жалғастыру, статистикалық көрсеткіштер мен ОДМ-ға қол жеткізу үшін елдер қабылдайтын шараларға мониторингті жүзеге асыру, интеграцияның ЕАЭО елдерінің орнықты дамуға қол жеткізудегі прогресіне әсерін бағалау, сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруды жеделдетуі мүмкін жаңа салалар мен технологияларды анықтау қажеттігін пікір білдірді.