ЕАЭС

Меню

Страницы

Статья

Еуразиялық экономикалық одақ

ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері қол қойды.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап ЕАЭО - ға Армения Республикасы, 12 тамыздан бастап Қырғыз Республикасы қосылды.

ЕАЭО өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы болып табылады, оның негізінде мемлекеттер Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтар.

ЕАЭО-ның негізгі мақсаттары халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу, сондай-ақ жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (мүше мемлекеттердің басшылары), Еуразиялық үкіметаралық кеңес (мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК Кеңесі мен Алқасының мүшелері), сондай-ақ ЕАЭО Соты ЕАЭО органдары болып табылады.

ЕАЭО туралы Шартта барлық деңгейлерде стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдау кезінде консенсустың нақты тетігі қарастырылған, бұл қандай да бір мемлекеттің үстем болу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Осылайша, Еуразиялық интеграциялық процесс шеңберінде ұлттық егемендікті сақтауға және экономикалық интеграция мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде ұлттық мүдделерді ескеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдардың жеткілікті арсеналы (консенсус, органдар иерархиясы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің лауазымды адамдарының тең өкілдігі) салынған.

Бүгінгі күні электр энергетикасы, газ, мұнай және мұнай өнімдері, қаржы салаларында ортақ нарықтарды қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда, бұл мүше мемлекеттерге газды, мұнайды және мұнай өнімдерін, электр энергиясын еркін жеткізуді және ЕАЭО шеңберінде қаржылық қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
27 мая 2021
Дата обновления
27 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
12 октября 2021
Кедергілер тізілімі
Ақпарат
01 июня 2021
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы біржақты тәртіппен қолданатын тарифтік емес реттеу шаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы