GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Режим, қадағалау және күзет
20 октября 2026
Жас сақшы сыныбының оқушылары №67 мекеменің қызметімен танысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жас сақшы сыныбының оқушылары №67 мекемесіне арнайы барып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің ерекшеліктерімен танысты.

Таныстыру барысында оқушыларға департамент аумағындағы қызметтік кабинеттер көрсетіліп, қызметкерлердің күнделікті жұмыс тәртібі мен атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар жас сақшылар оқу-жаттығу барысында қолданылатын қару-жарақ үлгілерімен танысып, олардың қызметтік мақсаттағы қолданылуы жөнінде түсінік алды. Бұдан бөлек, мекеме аумағын қамтитын бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетіліп, оның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы түсінігін кеңейту және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.

Мұндай кездесулер жас сақшылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және Отанға қызмет етуге деген ынтасын нығайтуға ықпал етеді.

Режим, қадағалау және күзет
20 октября 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА №67 МЕКЕМЕГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

2026 жылғы 16 қазанда сағат 15:35 шамасында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 (аралас қауіпсіздік) мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Аталған дерек «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Қадағалау» республикалық режимдік-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Мекеменің жедел-режимдік бөлім қызметкерлері мен сәлемдемелерді қабылдау пунктінің бақылаушылары азамат жеткізген азық-түлік өнімдеріне тексеру жүргізу барысында күдік тудырған заттарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде «Head & Shoulders» сусабынының құтысының ішінен өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат табылды. Оның болжамды салмағы 1–2 грамды құрады. Сонымен қатар 1 дана «Tele2 5G» SIM-картасы, 2 дана «Beeline 5G» SIM-картасы және 1 дана USB сымы тәркіленді.

Аталған заттар мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа арналған азық-түлік сәлемдемесінің ішінен анықталған. Сәлемдемені жеткізген азаматқа бұған дейін қамаудағылар мен сотталғандарға пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың тізімі түсіндіріліп, ол бұл туралы жазбаша түрде қол қою арқылы таныстырылған.

Аталған факті бойынша тиісті материалдар тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Табылған заттар белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылау және тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Тыйым салынған заттардың мекеме аумағына жеткізілуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Режим, қадағалау және күзет
16 октября 2026
№58 МЕКЕМЕДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕДІ

1

2026 жылғы 15 қазанда сағат 23:10 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемеде «Қадағалау» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтыру әрекетінің жолы кесілді.

Мекеменің сыртқы периметрін патрульдеу барысында №5 және №6 бекеттер аралығындағы №3 учаскеде қарауылдың дабылына жедел әрекет еткен жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісімен бірлесіп, күдік тудырған азаматты байқаған.

Қызметкерлерді көрген азамат қоршау арқылы мекеменің күзетілетін аумағына скотчпен оралған үш түйіншекті лақтыруға әрекет жасаған. Қызметкерлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде аталған азамат оқиға орнында ұсталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, келгеннен кейін түйіншектер ашылып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде екі смартфон, үш дана ұялы телефонға арналған қуаттағыш, көлемі бір литр болатын насвайға ұқсас зат және көлемі бір литр спирттік құрамы бар сұйықтық анықталып, тәркіленді.

Жедел ақпаратты тексеру барысында аталған заттардың мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың біріне арналғаны анықталды.

Аталған факті бойынша тиісті материалдар рәсімделіп, оқиға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тіркелді. Заттар тәркіленіп, тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізу үшін жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тиісті органдарға тапсырылды. Ал оқиғаға қатысы бар сотталғанға қатысты мән-жайларды анықтау мақсатында белгіленген тәртіппен шаралар қабылданды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.

Тыйым салынған заттарды түзеу мекемелерінің аумағына өткізуге әрекет жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Режим, қадағалау және күзет
16 октября 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАЖ МЕКЕМЕСІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

2026 жылғы 15 қазанда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу мақсатында жүргізілген режимдік-іздестіру профилактикалық іс-шаралары барысында құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда, мекеменің жедел және режимдік бөлім қызметкерлері алдын ала келіп түскен жедел ақпарат негізінде тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында мекеменің сыртқы аумағын қоршап тұрған негізгі қоршаудың №9 учаскесі арқылы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген азамат анықталып, қызметкерлер тарапынан уақытылы ұсталды.

Ұсталған азаматқа қатысты жеке тексеру жүргізу барысында жабысқақ таспамен оралған үш түйіншек табылып, тәркіленді. Аталған заттардың мекеме аумағына қандай мақсатта жеткізілмек болғаны және олардың нақты құрамы тиісті тексеру барысында анықталатын болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу және қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл ретте жедел және режимдік бөлім қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы, қырағылығы және жедел ақпаратты уақытылы тексеруі маңызды рөл атқарады.

Аталған дерек бойынша оқиға орнына Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тиісті процестік іс-шараларды жүргізу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ тәркіленген заттарға қатысты қажетті тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Режим, қадағалау және күзет
14 октября 2026
Мекемеге тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

2026 жылғы 13 қазанда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 67 аралас қауіпсіздік мекемесінде «Қадағалау» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолы кесілді.
Мекеменің қабылдау-беру пунктінде сәлемдемелерді тексеру барысында қызметкерлер салфетка қорабының ішінен және сәлемдеме ішінен жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.
Тексеру нәтижесінде бір дана құлаққап, MF680 үлгісіндегі бір Wi-Fi роутер, бір зарядтау құрылғысы, «Tecno Spark» маркалы бір сенсорлық телефон және «Kcell Active 5G» ұялы байланыс операторының бір SIM-картасы табылып, тәркіленді.
Аталған заттарды мекемеде ұсталатын танысына жеткізу мақсатында алып келген азаматқа сәлемдемелерді қабылдау алдында сотталғандар мен тергеу-қамауындағыларға пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың тізбесі жазбаша түрде түсіндірілгені көрсетілген.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық белгілері қарастырылуда.
Мекеме қызметкерлері режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгіленген тәртіпті сақтау – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты. Сондықтан азаматтарды сәлемдеме дайындау кезінде қолданыстағы талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Пробациялық бақылау
14 октября 2026
ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Жуалы ауданында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шараға Жуалы аудандық пробация қызметінің, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау және оларға қажетті қолдау көрсету, пробация есебінде тұрған азаматтар мен түзеу мекемелерінен босатылған адамдардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету.

Рейд барысында азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «FSM Social» қосымшасы арқылы тиісті жолдамалар рәсімделіп, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері «Цифрлық бақылау» және «Цифрлық пробация» ақпараттық жүйелеріне енгізілді.

Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған.

Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Қоғам қауіпсіздігі – ортақ міндет!

Штабтық қызмет
09 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 9 айдың қорытындысы талқыланды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында Департаментке қарасты мекемелер мен пробация қызметтерінің есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері сараланып, негізгі жұмыс бағыттары бойынша атқарылған шаралар талқыланды.

Кеңес барысында сотталғандарды ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, режим талаптарын сақтау, тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, сотталғандарды жұмыспен қамту, пробациялық бақылаудағы азаматтармен жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қызмет барысында орын алған кемшіліктер мен проблемалық мәселелер талданып, оларды шешу және алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша тиісті міндеттер айқындалды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, белгіленген бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

ҚАЖ жүйесінің негізгі міндеттерін сапалы орындау, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және қызмет тиімділігін арттыру алдағы кезеңдегі басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
09 октября 2026
Рақымшылық аясында екі азаматқа ізгілік шарасы қолданылды

Республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

Заң талаптарына сәйкес, рақымшылық қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін, қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің маңызды мүдделеріне зиян келтірмеген құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қолданылады.

Аталған заң аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазасын өтеп жатқан екі азаматқа қатысты ізгілік шаралары қолданылды.

Атап айтқанда, 46 жастағы Меркі ауданының тұрғыны рақымшылыққа ілігіп, жазасының өтелмеген бөлігінен босатылып, еркіндікке шықты. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру жазасына сотталған болатын.

Сонымен қатар, мекемеде жазасын өтеп жатқан 53 жастағы әйел азаматшаның жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес, жүкті әйелдердің, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, сондай-ақ жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдардың жазаны өтеу мерзімі заңда белгіленген тәртіппен кейінге қалдырылуы мүмкін.

Рақымшылық – заң талаптары негізінде азаматтарға түзелуге, қоғамға қайта бейімделуге және жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретін ізгілік шарасы.

Кадр саясаты
15 сентября 2026
БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (әрі қарай - ҚАЖД) орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек сіңірген жылдары жеңілдік шарттарымен 1 жыл 1,5 жыл болып есептеледі.
Құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде төмендегі мекен-жайда қабылданады: 008000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 147 А, анықтама үшін телефон, факс: 8 (7262) 45-11-82, duis.zhambyl.kz.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
 
Категория
Еңбек өтіліміне байланысты лауазымдық жалақысы, тенге
АзыКөбі
C – SGU - 12 166198 204403
C – SGU - 13 153887 189262
C – SVR - 8 153887 189262
C – SV - 13 142488 175243
1. ҚАЖ департаменті штабының кезекші бөлімінің және № 67 мекемесінің ғимараттарды қорғау жөніндегі бақылаушысы (C–SV–13) (орта басшы құрам) – 4 бірлік.
Департаментке келген азаматтардың келіп кетуін қадағалайды, оларды бақылап –өткізу пунктінен өткізу жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта, арнайы орта, жоғары кәсіби, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
2. ҚАЖД № 59 мекемесінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитарлық дәрігері (C–SGU-12) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: ҚАЖ мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қадағалау, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
4. Талас аудандық пробация қызметінің инспекторы  (C-SVR-7), (орта басшы құрам) – 1 бірлік.
        Қызметтік міндеттері: Қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеуші адамдарға 
қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындайды. Бақылау мерзімдік кәртішкелерді және сотталғандардың  жеке істерін арнайды. Пенитенциарлық пробация  қызметіндегі сотталғандардың мекен-жайларын тексереді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі арнайы орта, жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы  - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
5. ҚАЖД № 25,67 мекемесінің режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –8 бірлік.
           Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың  қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
6. ҚАЖД № 58 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы                            (C–SV–13) (кіші басшы құрам) –12 бірлік.
           Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың  қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
8. ҚАЖД № 25,58,67 мекемесінің жедел бөлімінің есеп жүргізу технигі              (C – SGU - 13) (кіші басшы құрам) –2 бірлік.
           Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың  қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.               
             Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
     9. ҚАЖД № 26,58,59 мекемелерінің жеке құраммен жұмысы тобының инспектор-психологы (C–SGU-13) (орта басшы құрам) – 3 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Жеке құрам арасында психологиялық жұмысын жүргізеді. Суйцидтің алдын –алады. Жеке құрамға психологиялық көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі арнайы орта жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
         12. ҚАЖД № 67 мекемесінің режим және күзет бөлімінің  бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) – 14 бірлік.
           Қызметтік міндеттері:  Қамаудағы және сотталғандардың  қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
          13. ҚАЖД № 25,58,59 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы (C–SGU-12) (орта басшы құрам) – 7 бірлік.
Қызметтік міндеттері:   Қамаудағы және сотталғандардың  қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.               қарсы іс-шаралар жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары арнайы орта кәсіби, сертификаттың болуы, жасы - 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
15 сентября 2026
№59 мекемесінде «Көшпенділер ойындары» ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 мекемесінде сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру мақсатында «Көшпенділер ойындары» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақ ретінде бокстан Азия және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асланбек Шымбергенов қатысып, жарыстарға қазылық етті.
Жарыс барысында сотталғандар арқан тарту, қол күресі, тоғызқұмалақ және өзге де ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Қатысушылар спорттық дайындықтары мен шеберліктерін көрсетіп, жарысқа жоғары белсенділікпен қатысты. Ұлттық ойындар арқылы өзара ұйымшылдық, төзімділік және салауатты бәсекелестік қалыптастыруға басымдық берілді.

Іс-шара соңында жарыс қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Өз кезегінде Асланбек Шымбергенов қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, алға қойған мақсаттарына ұмтылуға шақырып, ізгі тілегін білдірді.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы